USD
USD
USD

Алматы тұрғыны жаттығу залына жалған абонемент сатып алған

Алматы тұрғыны жаттығу залының жалған абонементін сатып алған. Өзін фитнес-жаттықтырушымын деп таныстырған ер адам тұрғынның 760 мың теңгесін қағып алғаны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы тұрғыны жаттығу залына жалған абонемент сатып алған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алаяқтық қылмысының ашылуы полиция қызметкерлеріне алғыс білдіруге себеп болды.

– Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне, Қ.Өтепбайға және Б.Бексұлтановаға алғыс айтқым келеді. Полиция қызметкерлері әділдік орнауына көмектесті. Қылмыс шілде айында болды. Өзін фитнес-жаттықтырушымын деп таныстырған ер адам жаттығу залының абонементін 760 мың теңгеге сатты, бірақ ол жарамсыз болып шықты. Мен полицияға арыз жаздым, олар маған көмектесті.

Медеу аудандық ПБ-ның қызметкерлеріне өз міндеттерін адал және кәсіби орындағаны үшін шексіз алғысымды білдіремін. Бұл офицерлер сұрақтарыма түсіністікпен, белсенділікпен жауап беріп, қызметтік міндеттерін жедел, адал және толық орындады. Құқық қорғау органдарында өз ісінің нағыз мамандары, сезімтал азаматтар қызмет ететіні қуантады. Барлық қызметкерге зор денсаулық, ең бастысы отбасылық бақыт тілеймін, – деді алғыс хат авторы.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси