USD
USD
USD

Алматы тұрғыны синтетикалық есірткіні әлеуметтік желі арқылы сатқан

Алматы тұрғыны әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткі сатқан. 

Алматы тұрғыны синтетикалық есірткіні әлеуметтік желі арқылы сатқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы тұрғыны синтетикалық есірткіні Telegram арқылы сатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қаласы Алатау ауданының 29 жастағы тұрғыны іскер болып шықты.

– Е.есімді азаматтың үйінен құрамында түрлі түсті ұнтақ тәрізді заттары бар 15 қаптама, электронды таразылар, сондай-ақ “скорость” және “мефедрон” синтетикалық есірткі заттарын жарнамалау және сату туралы дербес компьютердегі мәліметтер табылды және тәркіленді. Күдіктінің көлігінен тағы бірнеше шөп салынған қаптама табылды. Күдіктінің Telegram платформасында жеке ресурсы бар екендігі, сол арқылы синтетикалық есірткі сататындығы анықталды. Ол бірден бұғатталды. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

. Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта Алматыда “синтетиканы” жеткізу арнасын анықтауға бағытталған жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов