USD
USD
USD

Алматы тұрғындары жаңа моншаның құрылысына қарсылық білдірді

Алматыда тұрғындар Егізбаев көшесінде монша кешенінің салынуына үзілді-кесілді қарсылық білдіріп жатыр, деп хабарлады Inalmaty.kz.

Алматы тұрғындары жаңа моншаның құрылысына қарсылық білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жағдайға тек автокөлік иелері ғана емес, қарапайым азаматтар да наразы. Тұрғындар моншаның салынбауына түрлі себеп айтады.

Барлық үйде ыстық су мен ванна бар ауданда монша не үшін керек? Барлық монша кешендері жақсы деп айта алмаймыз, адамдар оларды азғындық және жеңіл жүрісті қыздармен байланыстырады.Бұл жерде ондай ештеңе болмаса да, біз бәрібір қарсы боламыз. Адамдар көліктерін қайда қояды? Неліктен біз соңғы автотұрақтан айырылуымыз керек? Автокөліктерге толы аулаларға жедел жәрдем, өрт сөндіру бөлімі немесе полиция қалай кіреді? Неге құрылыс салушының мүддесі тұрғындардың мүддесінен жоғары? Біз бәріміз моншаға қарсымыз! - дейді жергілікті тұрғындар.

Алматылықтар сондай-ақ Бостандық әкімдігіне арызданғандарын, жиында құрылысқа келіспейтіндерін айтып, монша кешенін салуға қарсы уәждерін жеткізгенін айтады, алайда ештеңеге қол жеткізбеген. Бұдан соң журналистерден көмек сұраған. Халық мәселе БАҚ-та жариялаған соң, монша құрылысы тоқтатылады деп үміттенеді.

Осылайша, тұрғындар монша кешенінің салынуына жол бермеуге бекініп отыр. Жақын арада олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдамақ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан