USD
USD
USD

Алматы тұрғындары құрты бар су ішіп отыр

Алматыда тұрғындар құрты бар суды ішуге мәжбүр. Жұрттың лай суды бірнеше сүзгіден өткізіп тұтынудан басқа амалдың жоқ. Белсенділер әкімдік табалдырығын талай тоздырғанымен, еш нәтиже болмапты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Алматы тұрғындары құрты бар су ішіп отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбаны көргендердің төбе шашы тік тұрды. Бірі «масқара» деп шықса, екіншілері сене қойған жоқ. Алматының Таужолы шағын ауданының тұрғындары мұндай жағдайға тап боламыз деп ойламаған. Айтуларынша, құм аралас құрты бар суды ішуге жарамды қылу үшін бірнеше сүзгіден өткізеді. Бірге ағып келетін қоқыстан бітеліп қалатын сүзгілерді күніне жиі ауыстырып тұруға жылдап еті үйреніп қалған. Ауызсудың осыншалықты лас болуының себебі: су ашық жатқан қоймадан келеді екен.

Белсенділер шағымдануға уәкілетті органдарға барса да, мардымды жауап ала алмаған. Тек әлеуметтік желідегі тұрғындардың шағымына Нурызбай аудандық әкімдігінің берген жауабына сенсек, желтоқсан айына дейін сүзгілеу станциясының құрылысы бітеді. Ал құрт-құмырсқамен кеп жатқан ауызсудан сынама алып тексеру жүргізбекші екен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары