USD
USD
USD

Алматы тұрғындары ереуілге шықты

Алматы қаласы Алатау ауданындағы Мәдениет шағын ауданында тұрғындар ереуілге шықты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан. 

Алматы тұрғындары ереуілге шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәдениет шағын ауданында 2014-2015 жылдардан бері жекеменшік тұрғын үйлер тұрғызыла бастаған. Көктем басталғалы аудан тұрғындарының ішкен асы бойына тарамай жүр. Өйткені тұрғын үйлер сүріліп, аталған аумаққа темір жол түседі дегенді естіген.

"Маңдай терімізбен ақша тауып, кезінде бір учаскені 10 миллионға сатып алдық. Баспана тұрғыздық. Енді әкімдік үйімізді сүреміз деп жатыр. Жеріміздің де, үйіміздің де құжаттары түгел, заңды. Нотариус арқылы жеке үй құрылысы (ИЖС) ретінде жасалған. Ауыл тұрғындарының 90 процентіндеқұжат бар", - дейді тұрғындар.

Айтуларынша, Алатау ауданының басшылығымен де, Алматы қаласы әкімі Досаевпен де кездескен. Алайда көңіл көншітер жаңалық жоқ. Ал тұрғындар ереуіліне келген билік өкілдері мәселе тек желтоқсан айында шешіледі дейді.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев