USD
USD
USD

Алматы циркі жөндеуден өтеді

Алматы циркіне қалпына келтіру жұмыстары жасалады. Бұл туралы Алматы қаласының мәдениет басқармасынан мәлім етті.

Алматы циркі жөндеуден өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық мәдениет басқармасынан хабарлағандай, Қазақ мемлекеттік циркінің ғимаратында жөндеу жұмысы жүргенмен, әртістердің жұмыс орны сақталады.

«Қалпына келтіру жұмысы барысында ғимараттың бастапқы келбеті, дизайны мен сыртқы құрылымы өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ, оның барысында цирктің бүкіл өнер ұжымы республикада, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде гастрольдік сапарда болады. Жөндену жұмысы кезінде Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес, әртістердің жұмыс орны сақталады», - делінеді мәдениет басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, Алматы циркі Дінмұхамед Қонаевтың бастамасымен 1979 жылы салынды. Сәулетшісі Владимир Кацев болды.

2003-2006 жылдары цирк алғаш рет күрделі жөндеуден өтті.

Цирк ғимараты қала құрылысы және сәулет ескерткіші ретінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген.

Қазір оқып жатыр

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев

+35°С ыстық және үсік: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

ауа райы болжамы

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты: күдіктіге іздеу жарияланды

ІІМ