Алматы тауларындағы заңсыз құрылыс нысандары бұзылады

Қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматының таулы аймағындағы заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді.
Алматы, NEGE. Қала құрылысын бақылау басқармасы заң талаптары мен құрылыс нормаларын сақтамай салынып жатқан 52 нысанды анықтады. 20 нысанды толық немесе жартылай бұзу, учаскені бастапқы қалпына келтіру туралы сот шешімі заңды күшіне енді.
Олардың ішінде тұрғын үй кешендері, клуб үйлері, тірек қабырғалары және бақша үйлері бар.
Қалған 23 нысан бойынша сот талқылауы өтіп жатыр, 9 нысанға талап-арыз жазуға бастама көтерілді. Сот шешімі шыққан нысандардың тізімі:
1. «Pain Hill» клуб үйі,
Бостандық ауданы, Ерменсай ш/а., 7-көше, уч. 8/1 уч.
2. «Швейцария» ТҮК,
Бостандық ауданы, Нұрлытау ш/а., 1480/1, 1480/10, 1480/8, 1480/6, 1480/23, 1480/22 уч.
3. Тұрғын үй құрылысы,
Бостандық ауданы, Нұрлытау ш/а., 932/79 уч.
4. Тұрғын үй құрылысы,
Медеу ауданы, Нұрмағамбетов көшесі, 374/1
5. Клуб үйдің құрылысы,
Медеу ауданы, Горный гигант ТК, 554
6. «Domino Life» клуб үйі,
Медеу ауданы, Жамақаев көшесі, 308
7. «Pine Hill Residence» клуб үйі,
Медеу ауданы, 2-көше, 33 уч.
8. Тұрғын үй құрылысы,
Медеу ауданы, Обсерватория көшесі, 104/4
9. Тау бөктерін кесу,
Медеу ауданы, Бутаковка ш/а., 31/1 уч.
10. Тірек қабырғаның құрылысы
Медеу ауданы, Шоқай көшесі, 203, 205, 207
11. «Граф» ТҮК,
Бостандық ауданы, Ремизовка ш/а., 7-көше, 71,73, 75 уч.
12. «Люксембург» ТҮК,
Наурызбай ауданы, Қарғалы ш/а., Қали Нәдіров көшесі, 71,73,75 уч.
13. КФТҮК, Наурызбай ауданы, Кенесары хан көшесі, 98 уч.
14. Тұрғын үй құрылысы,
Бостандық ауданы, Ерменсай ш/а., Жәңгір хан көшесі, 46
15. «Rich» клуб үйі,
Бостандық ауданы, Мирас ш/а., 24/1, 24/2 уч.
16. Бақша үйлері,
Бостандық ауданы, Жанару ТК, 556
17. Клуб үйдің құрылысы,
Медеу ауданы, Оспанов көшесі, 87/2, 87/4, 87/5
18. Тірек қабырға,
Медеу ауданы, 2-ші Ладушкин көшесі (Құрмет), 35А
19. «Француз үйі» ТҮК,
Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а., Чапаево ШҚ, 426 уч.
20. «KHAN» клуб үйі,
Бостандық ауданы, Витебская көшесі 44/3, 44а.