USD
USD
USD

Алматы тауларында өрт болу қаупі бар

Өрт қаупі жоғары маусым басталғалы таулы аймақта демалып жатқан қонақтарға ескертпе парақтар таратуда.

Алматы тауларында өрт болу қаупі бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті полиция қызметкерлері және орман шаруашылығы мекемелерінің өкілдері таулы аймақтағы қонақтарға ескертпе парақтар таратып жүр. 

Бүгінге дейін 120 рұқсат етілмеген жерде от жағудың алды алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ТЖД деректері бойынша 81 рейд жүргізілді, 6 мыңнан астам жадынама таратылды, 120-ден астам от жағу тоқтатылды, жалпы 4 млн теңгеден астам сомаға 84 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазгидромет мәліметінше, Алматы тауларында жоғары өрт қаупі сақталып отыр.
«Қала тұрғындары мен қонақтарын тауға демалуға барған жағдайда тұтанған темекі қалдықтарын тастамауды сұраймыз. Сонымен қатар балаларды көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмауға және күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға кеңес береміз»,- делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Павлодарлық кәсіпкер Икрам Нұрмашовтың қазасы: полиция не дейді?

Икрам Нұрмашов

Конституциялық құрылысты өзгертпек болған: Атырауда бір топ адам ұсталды

Атырауда ұсталған экстремистік топ

ДСМ жүргізген тексеруден кейін 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

оңалту орталығы

Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті

Ташкентте ауруханаға түскен жасөспірім