USD
USD
USD

Алматы тауларында жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

Алматыда ер адам осымен үшінші тәулік іздестіріліп жатыр.

Алматы тауларында жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дереккөз мәліметінше, 12 желтоқсанда құтқарушыларға тауда ер адамның жоғалып кеткені туралы мәлімет түскен. Ақпаратқа сәйкес Титов өзені аумағында алматылық жоғалып кеткен. Кейін оның таңертең тауға көтеріліп, кешке артқа қайтқаны белгілі болды.

Қараңғыда алматылық жолды таба алмаған. Құтқарушылар ер адамды іздеуге шықты. Олардың арасында кинологтар да бар.

«Ауа райының қолайсыз болуына қарамастан іздестіру жұмыс түні бойы жүргізілді. 12-14 желтоқсан аралығында бұл жұмысқа 39 құтқарушы, оның ішінде 5 кинологиялық жасақ пен 6 автотехника жұмылды. Қазіргі таңда республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары Құмбелсу өзенінің бойындағы ауданды зерттеп жатыр. Мұнда жоғалған ер адам соңғы рет болған. Ауа райының қолайсыздығы іздестіру жұмысын қиындатып отыр. Оған қарамастан жұмыс жүргізіліп жатыр. Жақын маңдағы елді мекендерде де іздестіру жұмысы жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко