USD
USD
USD

Алматы тауларында үш жасөспірім адасып кетті

2023 жылдың 15 тамызында үш жасөспірім таңертең тауға шығып, сағат 18.30-да ата-аналарына төмен түсіп бара жатқанын хабарлаған, содан кейін телефон байланысы өшіп қалған. Сағат 00.15-те ТЖМ құтқарушыларына жас жігіттердің бірінің әкесі қоңырау шалды, деп хабарлады ТЖМ. 

Алматы тауларында үш жасөспірім адасып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Туристер тобын іздеуге ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шықты. Сағат 4:35-те жасөспірімдер тобының бірі әкесіне адасқандары туралы хабарлама жазып, геолокацияны жіберді. Іздеуге туыстары қосылды. Сағат 08:25-те ТЖМ құтқарушылары Күмбел шыңынан балаларды аман-есен тауып алды. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Жасөспірімдердің бірінің әкесі құтқарушыларға жұмысы үшін алғысын білдірді.

"Тауға бір күнге болса да баратын туристерге ТЖМ құтқарушылары таулардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс шараларын мұқият зерделеуді ұсынады: тауға жалғыз бармаңыз, туыстарыңыз бен жақындарыңызға маршрутыңыз бен қайту уақытыңыз туралы ескертуді ұмытпаңыз. Ыңғайлы киім мен аяқ киім таңдаңыз. Өзіңізбен бірге алып жүру керек нәрселердің ішінде: жылы заттар, ұялы телефонға арналған қосымша қуат көзі, су өткізбейтін пакетте фонарь мен сіріңке болуы керек. Сондай-ақ, өзіңізбен бірге GPS навигаторы болған жөн", - деп ескертті ТЖМ. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс