USD
USD
USD

Алматы тауларында от жаққандарға айыппұл салынды

Алматыда Іле Алатау ұлттық паркінде от жаққан төрт адам әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы тауларында от жаққандарға айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, Алматы тауларында 45 бірлескен рейд жүргізілді. Оның барысында демалушыларға жадынама таратылған.

Сонымен қатар ерекше қорғалатын аймақтарда өрт жағудың 4 фактісінің жолы кесілді.

«4 жеке тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 367-бабы бойынша жалпы сомасы 1 380 000 айыппұл салынды. Сондай-ақ, табиғат қорғау полициясы 505-бап бойынша ескерту түрінде 5 хаттама толтырды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Алматы қаласының аумағында Іле Алатауы ұлттық паркінің 20 мың 805 гектары бар.

Табиғи өрттің алдын алу үшін Алматы қаласы ТЖ және полиция департаментінің қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар жұмыс істейді.

Бұл қызметке орман шаруашылығы мекемелерінің салт атты қызметкерлері қолұшын созып, еріктілер де қатысты.

«Табиғатта ашық оттың жағылуына жол бермеу өте маңызды. Құрғақ шөп пен қоқысты өртемеңіз. Құрғақ шөпті әдейі өртейтін адамдар табиғатқа қауіп төндіреді. Мысалы, жеке ауланың иелері мен бағбандар ыстық күннен кеуіп қалған шөп пен қоқысты өртеп жібереді», – деді қалалық департаментте.

Айта кетейік, Іле Алатауы ұлттық паркінде ыстық тамақ дайындау үшін арнайы жабдықталған 14 орын, Алма-Арасан шатқалының аумағында - 12 орын, «Бутаковкада» - 2 орын бар.

Қазір оқып жатыр

АҚШ келіссөздерден кейін Иранға қарсы санкцияларды алып тастады

санкция

Әлеуметтік желідегі алауыздық: Бас прокуратура ескерту жасады

желідегі алауыздық

Месси әлем чемпионаттары тарихында гол саны бойынша жаңа рекорд орнатты

Әлем чемпионаты

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак