USD
USD
USD

Алматы тауларында мұздықтар еріп жатқан жоқ

 Алматы тауларында мұздықтардың еру процесі байқалмайды.

Алматы тауларында мұздықтар еріп жатқан жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы қала маңындағы тауларға аэровизуалды шолу жүргізу барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, Алматы қалалық ТЖД, «Қазселденқорғау» ММ, «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының мамандары шаһар маңындағы тауларды кешенді бағалау мақсатында аэровизуалды тексеру жүргізді. «Тауларда мұздықтардың абляция (еру) процесі байқалмайды. Барлық мореналық көлдер қысқы режимде болуына байланысты қала тұрғындары мен инфрақұрылымына қауіп төндірмейді», – делінген департамент хабарламасында.

Айта кетейік, аэровизуалды шолу теңіз деңгейінен 800-4200 метр биіктікте өтті. Іле Алатауы жотасы өзендерінің бассейндері бойынша Ақсайдан Түргенге дейінгі биік таулы мореналық көлдер мен мұздықтардың, сел ойықтары мен ошақтарының жай-күйі зерттелді. Алматы қалалық ТЖД таулы жерлерде қар көшкінінің байқалуына байланысты азаматтарға тау баурайларына шықпауды ескертті.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.