USD
USD
USD

Алматы тауларында қар көшкінінде қалған бір адам құтқарылды

Құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкінінде қалғандардың бірін тауып, алып шықты.

Алматы тауларында қар көшкінінде қалған бір адам құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы ТЖД мәліметінше, құтқарушылар қар көшкіні салдарынан зардап шеккендердің бірін алып шыққан. Оның иығы зақымданған. Қар көшкіні астында қалған екінші адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Іздестіру үшін құтқарушылар дрондарды пайдаланған. Құтқару жұмыстарына түрлі жедел қызмет ұйымдарынан 31 адам және 8 техника, 2 кинология есебі, 1 тікұшақ жұмылдырылған.

Бұған дейін Алматы тауларында қар көшкіні болып, құтқарушылар екі адамды іздеп жатқаны хабарланған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов