USD
USD
USD

Алматы тауларында блок-бекеттер орнатылды

Шаһарда профилактикалық қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізілуде. Таулы жерлерде жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты, сондай-ақ тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 12 ақпанда «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені аумағында орналасқан «Конус» шатқалында қар көшкінін профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады inbusiness.kz

Алматы тауларында блок-бекеттер орнатылды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы. NEGE.  Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. «Жарылыс жұмыстары көшкінге белсенді әсер ететін «Avalancher Type 1732» пневматикалық қондырғысының көмегімен жүргізіліп, нәтижесінде 5 мың текшеметр қар түсірілді. Профилактикалық қар көшкінін түсіру жұмыстарына «Шымбұлақ» ТШК, Алматы қалысының Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазселденқорғау» ММ АҚПТБ, «География институты және су қауіпсіздігі» АҚ мен «Қазгидромет» РМК мамандары қатысты. Сонымен қатар, таулы жерлерде қар көшкіні қаупінің барына байланысты және төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында «Шымбұлақ» ТШК жоғары және Үлкен Алматы өзені бассейнінің «Аюсай» шатқалында автокөліктер мен адамдардың өтуін шектеу үшін блок-бекеттер қойылғанын хабарлаймыз», - деп жазылған хабарламада. Сондай-ақ, ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын тауға барудан бас тартуға, ауа райының жағдайын бақылауға, қар көшкінін тудыруы мүмкін тік қарлы беткейлерге шықпауға, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес