USD
USD
USD

Алматы санитария дәрігерлері эпидемиологиялық жағдайды баяндады

Алматы санитария дәрігерлері қаладағы 12 сәуірге дейінгі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.

Алматы санитария дәрігерлері эпидемиологиялық жағдайды баяндады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматыда 2021 жылдың басынан бері 22 568 жағдай тіркелген. Бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 1109,2 көрсеткіш. 

"Соңғы 14 күнде 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі 1,1 пайызға (4,5-тен 3,4 пайызға дейін), 20-39 жас аралығында 3,5 пайызға (39,1-ден 35,6 пайызға дейін) төмендегені байқалады. 40-59 жастағы азаматтар арасында 1 деңгейде 1,4 пайызға (26,7-ден 28,1 пайызға дейін), ал 60 жастан асқан адамдарда 4 пайызға (19,2-ден 23,0 пайызға дейін) артқан", - деді қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі.

Алматы қаласында коронавирус инфекцияның көбейюі ең алдымен, Сovid-19 мутацияланған штамдарының таралуына байлансты, дейді дәрігерлер.

"1 жасқа дейінгі балалар арасында коронвирус инфекциясын жұқтыру дерегі сәуірдің соңғы 7 күнінде 64 жағдайға жетті. 2020 жылы 1 жасқа дейінгі балалар арасында барлығы 165 жағдай тіркелді. Ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында 107 жағдайдан 372-ге дейін, яғни 3,5 артқан", - деп қосты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі.

Халықты жұмыспен қамту бойынша соңғы 14 күнде ең көп коронвирус жұқтыру дерегі жұмыс істемейтін тұрғындар арасында тіркелді - 35 пайыз (2967 адам). Олардың ішінде, түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлері – 23 пайыз (1977 адам), зейнеткерлер арасында – 17 пайыз (1417 адам), оқушылар арасында – 6,2 пайыз (527 жағдай) және мектеп жасына дейінгі балалар арасында - 4 пайыз 339 коронавирус жұқтыру дерегі анықталған.

"Бұл мутацияланған вирустың нәрестелерге, сәбилерге және үлкен жастағы адамдарға (60 жастан асқан) кауіп төндіретінін растайды. Халықтың қалған санаттары арасында жағдайлардың 0,3-тен 2 пайызына дейін тіркелді", - деді санитраия дәрігері.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Заң

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Автомектеп

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Әуежай

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді

такси