USD
USD
USD

Алматы прокурорлары жүзден астам порнографиялық мазмұндағы сайтты бұғаттады

Алматы қалалық прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және заңбұзушылықтардың алдын алу бойынша тиімді шаралар әзірлей отырып, мәселеге егжей-тегжейлі талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы прокурорлары жүзден астам порнографиялық мазмұндағы сайтты бұғаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Прокуратураның мәліметінше, соңғы кездері балаларды қорлау мен олардың мүдделеріне қарсы заңсыз әрекеттер көбейген. Сондай-ақ, қалалық прокуратура балалардың тыйым салынған интернет сайттарға еркін кіруі - қорлау мен сексуалдық әрекеттердің таралуына ықпал ететін триггерлердің бірі екенін анықтады. Олар жыныстық зорлық-зомбылықты, қатыгездікті, жыныстық белсенділікті ерте жастан насихаттайды.

«Ағымдағы жылдың өзінде прокурорлар 100-ден астам порнографиялық мазмұндағы сайтты анықтап, бұғаттау шараларын іске асырды. Қазір бұл жұмыс белсенді түрде жалғасып жатыр. Бұл жұмысты күшейту үшін уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді», - делінеді прокуратураның хабарламасында.

Осы орайда, Алматы қалалық прокуратурасы ата-аналарды балаларының виртуалды өмірін үнемі қадағалап, мінез-құлқына назар аударуға шақырды. Айта кетсек, биыл Ақтөбеде балаларға қатысты 11 сексуалдық зорлық-зомбылық дерегі тіркелді.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев