Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы прокуратурасы заңсыз ағаш кесу фактісі бойынша тергеуді бастады

Алматы прокуратурасы «Sulpak» дүкеніне іргелес аумақты абаттандыру кезінде жеке кәсіпкердің ағашты заңсыз кесуіне қатысты тексеруді бастады.

Алматы прокуратурасы заңсыз ағаш кесу фактісі бойынша тергеуді бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Уәкілетті мемлекеттік органдар бұл ағаштарды кесуге рұқсат бермеген. Аталған дерек бойынша Алматы қаласының табиғатты қорғау прокуратурасы ҚР ҚК 340-бабы (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Тергеу барысында тиісті сараптама тағайындалады. Сараптама нәтижесінде табиғатқа келген залал тексеріліп, құқықтық баға беріледі. Сотқа дейінгі тергеу Алматы қаласы прокуратурасының бақылауында болады», - деді қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, 23 қарашада түнде Алматыда сауда үйінің жанындағы жайқалған емен мен қарағаш оталды. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде наразылық білдірді.

«Қазір аудан әкімдігі мен полиция департаменті кесілген ағаштардың тұқымы мен сапасын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Айыпты тұлғалар анықталған соң Полиция Департаменті оларды жауапкершілікке тартады. Толығырақ ақпаратты анықтау жұмыстары аяқталған соң жариялаймыз», - деп мәлім етті қала әкімдігі.

Кейін Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы сауда үйінің алдындағы ағаштардың жаппай кесілуінің мән-жайын анықтады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Мемлекет басшысы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік терксеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Археолог Андрей Астафьев: ​Ғалымдар ғылымнан бұрын күнкөріс қамын ойлауға мәжбүр

Археология

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

Оңтүстік Корея

Үй жануарын асырай алмайтын жағдайда, иесі оған жаңа орын тауып беруге міндеттелмек

Ит

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін заңгер өз әйеліне зәбір көрсеткен

Тұрмыстық зорлық-зомбылық