USD
USD
USD

Алматы прокуратурасы телефон алаяқтарының қалай жұмыс істейтінін түсіндірді

 Алматыда заманауи технологияларды пайдаланатын телефон алаяқтары көбейіп келеді. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматы прокуратурасы телефон алаяқтарының қалай жұмыс істейтінін түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық прокуратураның мәліметінше, алаяқтар өздерін тәртіп сақшысы деп таныстырып, азаматтарға телефон соғып, оларға банк шоттарының бұзылғанын немесе атына несие ресімдеу әрекеті жасалғанын хабарлайды. «Мұндай әрекеттерді жою үшін олар тиісті алгоритм ұсынады. Алаяқтардың айтуынша, шот иелеріне арнайы қауіпсіздік коды жіберіледі, олар соны бізге айт деп талап етеді. Бұл ретте абоненттердің ұялы телефондарында арнайы құралдардың көмегімен құқық қорғау органдарының нөмірлері анықталуы мүмкін. Осыны пайдаланған қылмыскерлер өз сөздерінің растығын дәлелдеу үшін құқық қорғау органдарының ресми сайттарында ақпаратты (қызметкерлердің аты-жөні, нөмірлері) тексеруді ұсынады. Осыған сенген адамдар алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылған ақпаратты ескере отырып, прокуратура қырағы болуды және аталған қылмыстық әрекеттерге бой алдырмауды сұрайды. Өз кезегінде құқық қорғау органдары қылмыскерлерді анықтау және ұстау шараларын жүргізуде» делінеді прокуратураның хабарламасында. Сондай-ақ, Алматы прокурорлары әлеуметтік желіде аккаунт ашқан. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Facebook әлеуметтік желісінде азаматтардың проблемалары мен шағымдарына уақтылы ден қою, халықпен кері байланысты жедел қамтамасыз ету үшін Алматы қаласы аудандарының барлық прокурорлары мен қаланың табиғат қорғау прокурорының аккаунттары ашылды. Азаматтар қажетті құқықтық сұрақтар, ауданның проблемалық мәселелері бойынша жүгініп, түсіндірме ақпарат ала алады» деп хабарлады прокуратура.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер