USD
USD
USD

Алматы полициясына жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген екі азамат анықталды

Алматы полициясына жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген екі азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясына жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген екі азамат анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың бірі – 32 жастағы Т. есімді жергілікті тұрғын. Түнгі сағат 02:00 шамасында ол қаланың Түрксіб ауданындағы коммерциялық нысандардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлады. Арнайы қызметтің нысанды комиссиялық тексеруі ақпараттың жалған екенін анықтады. Хабарлаған адамның кім екені бірден белгілі болды. Ол ұсталды және өз кінәсін мойындады.

Күдіктінің айтуынша, ол бұзақылық ниетпен жалған хабарлама жасаған. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, ол қамауға алынды. Оған ҚР ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмыс бойынша айып тағылып отыр. Тағы бір күдіктіні полиция қаланың төменгі бөлігінде ұстады. Өткен күні 28 жастағы Т. есімді азамат Бостандық ауданында орналасқан сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде жарылғыш зат бар екені туралы жалған хабарлама берген. Қаскөй “ізін суытпай” ұсталды.

Тәжірибе көрсеткендей, сауда үйлері, қоғамдық тамақтану орындары және басқа да әлеуметтік нысандар, адамдар көп жиналатын объектілер терроризм актілері туралы жалған хабарламаларға жиі ұшырайды. Телефон бұзақыларының жіберетін ең үлкен қатесі – таба алмайды деген жалған сенім. Бірақ бұл жерде олар қателеседі: бүгінде полицияның да, басқа құқық қорғау органдарының да телефон шалушыны анықтап, сәйкесінше жауапқа тартуға техникалық мүмкіндіктері жеткілікті.

Осыған байланысты Алматы полициясы жалған хабарламалар үшін қылмыстық жауапкершілік бар екендігін тағы да еске салады.

ҚР ҚК-нің 273-бабының нормасына сәйкес, алдағы лаңкестік актісі туралы жалған ақпарат беру алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс