USD
USD
USD

Жол жиегінде бүлдіршінді қағып кеткен самокатшыны іздестіріп жатыр

Алматы полиция департаменті жаяу жүргіншілерге арналған жолда келе жатқан бүлдіршінді жоғары жылдамдықпен қаққан самокатшыны іздестіріп жатыр.

Жол жиегінде бүлдіршінді қағып кеткен самокатшыны іздестіріп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Самокатта жас жігіт пен қыз болған. Олар баланы қаққан соң анасымен ұрсысып, кетіп қалған. Алматы полициясы мәліметінше, оқыс жағдай 2 мамыр күні Назарбаев пен Қабанбай көшелерінің қиылысында болған.

«Белгісіз біреу Назарбаев көшесінің бойында Қабанбай батыр көшесіне қиыласқан жерде самокатпен төрт жастағы жаяу жүргіншіні қағып, артынша ізін суытқан. Қазір бұл істі Алмалы ауданының полиция басқармасы тексеріп жатыр», – деп мәлімдеді полиция департаменті. Бұған қоса, полицейлер самокатта жас жігіт пен қыздың болғанын айтады. 

«Баланы қаққан азаматтар дереу анықталып, жауапкершілікке тартылады. Қазір іздестіру жұмыстары жүргізілуде», – деп мәлімдеді полиция. Тәртіп сақшылары самокатты жалға беретін компаниямен байланысқа шыққан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy