USD
USD
USD

Алматы полициясы несиелік амнистия ақпараты бойынша қылмыстық іс қозғады

Алматы полициясы билік жалған деп баға берген несиелік амнистия ақпараты бойынша қылмыстық іс қозғады. Полиция департаменті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен тұрғындар арасында тараған бұл ақпараттың таралу фактісі туралы хабарлама келіп түскен айтты.

Алматы полициясы несиелік амнистия ақпараты бойынша қылмыстық іс қозғады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция сөзіне сүйенсек, тергеу бөлімі "қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша" сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық кодекстің 1-бөлігінің 274-бабы бойынша іс қозғалған.

"Кінәлі азаматтар қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сонымен бірге Алматы полициясы азаматтарды жалған хабарламаларға сенбеуге және тек ресми ақпаратты таратуға шақырады", - делінген Алматы қалалық ІІД мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада Алматыда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің "Көктем 3" шағын ауданындағы ғимаратының алдына ондаған адам жиналған еді. Олар несиеге амнистия жариялауды талап етті.

Жиналғандар бір күн бұрын белсенді Жанболат Мамайдың жақтастарының несиесі кешірілгені туралы ақпаратты әлеуметтік желіден оқып, рақымшылық жасауды талап етіп сыртқа шыққандарын айтқан.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе