USD
USD
USD

Алматы полициясы қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапкершіліктен босатылатынын мәлімдеді

Алматы полиция департаменті қаруды заңсыз сақтаған азаматтарға өзіне жақын жердегі полиция басқармасына ерікті түрде тапсыруға мүмкіндік береді.

Алматы полициясы қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапкершіліктен босатылатынын мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қылмыстық-процестік кодекстің 287-бабына сәйкес, қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

"Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат болса, "102" нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Анонимді болатынына кепілдік беріледі", - делінген ақпаратта.

Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен бермеген азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сұрақтар бойынша хабарласуға болатын нөмірлер: 8-747-333-91-60; 8-777-346-44-77.

Айта кетері, Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 7 қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалған. Ол жерден 1 347 қару ұрланған.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті