USD
USD
USD

Алматы полициясы есірткі зертханасын әшкереледі

Алматы полициясы прокуратураның “Есірткі бизнесімен күрес” жобасы аясында есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы полициясы есірткі зертханасын әшкереледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Есірткі зертханасын 27 жастағы О.есімді азамат иемденіп, жүргізіп отырған.

 – Күдікті біздің назарымызға біраз уақыт бұрын ілікті. Ол синтетикалық есірткіні белсенді қолданушы ғана емес, оның тұрақты таратушысы екені де белгілі болды. Мақсатты жедел және арнайы шаралар күдіктінің қылмыстық әрекетінің басқа бағытын анықтауға мүмкіндік берді. Ол “синтетика” өндіруші болып шықты. Ер адам өндірісті Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылындағы үйлердің бірінде ұйымдастырған. Бір сөзбен айтқанда, әмбебап есірткі сатушыны әшкереледік, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

 Ұсталған адамның айтуынша, ол өндіріске қажетті шикізатты “жұмыс берушіден” Алматы облысы Қарасай ауданында жасырылған жасырын орындар – бетбелгілер түрінде алған.

 – О.есімді азамат дайын өнімді дозалар бойынша бөліп, қаланың Түрксіб, Алатау, Наурызбай және Бостандық аудандарында сатқан. Ұсталған адамның жалға алған тұрғын үйінде тінту жүргізілді: есірткі зертханасының дәстүрлі жиынтығы табылды. Шөп пен шикізат сот-химиялық сараптамаға жіберіледі. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді, – деді Ерлан Әлмағамбетов.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе