USD
USD
USD

Алматы полициясы есірткі сатушыны ұстау үшін арнайы іс-шара жүргізді

Алматы полициясы есірткі сатушыны ұстау үшін арнайы іс-шара жүргізді, – деп хабарлады polisia.kz.

Алматы полициясы есірткі сатушыны ұстау үшін арнайы іс-шара жүргізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жолы есірткі қылмысымен күресушілердің назарына 29 жастағы Алматы тұрғыны түсті. Оның қылмыстық әрекеті жедел және арнайы іс-шаралар нәтижелері барысында расталды.

– ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы Ж.есімді азамат ұсталды. Оның көлігін рұқсат етілген тінту кезінде жол сөмкесінен ақ ұнтақ заты бар 12 түссіз байлам табылды және тәркіленді. Ж.есімді азамат тәркіленген заттың мефедрон есірткі заты екенін айтты. Ер адам есірткіні жасырын қойып кетумен айналысатынын мойындады, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс