USD
USD
USD

Алматы полициясы атыста қаза болған инспекторлар жайлы айтты

Алматы полициясы  Алатау ауданында 20 қыркүйек күнгі атыс кезінде оққа ұшып, көз жұмған учаскелік инспекторлар жайлы айтып берді. Капитан Нұрбол Байғазиев пен майор Дархан Сүлеевтің заң саласында жоғары білімі болған, екеуі де бұған дейін полиция департаментінің әртүрлі бөлімшелерінде қызмет атқарған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы полициясы атыста қаза болған инспекторлар жайлы айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 39 жастағы майор Дархан Сүлеев 18 жыл бойы құқық қорғау органдарында қызмет еткен. 

1982 жылдың 4 қаңтарында Тараз қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылдың қаңтарынан бастап полицияда қызмет атқарған. 

Тараздағы ІІМ училищесінде басшының орынбасары, кейіннен аталған оқу орнында инспектор-маман болып жұмыс істеген. 2004-2006 жылдары – Алматы АІІБ-нің Әуезов аудандық полициясында учаскелік инспектордың көмекшісі қызметін атқарған. 2006-2008 жылдары – аталған АІІБ-нің учаскелік инспекторы.  

Биыл тамыз айында бастап Алатау аудандық полициясының учаскелік инспекторы қызметіне тағайындалған.

Құқық қорғау органдарында қызмет атқарған жылдарында 6 рет мадақталған. Оның ішінде 3-дәрежелі "Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалімен,  "Қазақстан полициясына 25 жыл" төсбелгісімен марапатталған. 

Отбасылы, кәмілеттік жасқа толмаған бес баласы бар. Кенжесі әлі 1 жасқа да толмаған. 

Ал 33 жастағы полиция капитаны Нұрбол Байғазиев құқық қорғау органдарында 7 жыл қызмет еткен. 

1988 жылдың 27 тамызында Алматы қаласында туған. 2011 жылы Алматы экономика және құқық коллеждін, ал 2021 жылы Есболатов атындағы Алматыдағы ІІМ академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша – заңгер. 

Биыл шілде айында Алатау ауданында учаскелік инспектор қызметіне тағайындалған. Бұл салада қызмет еткен жылдары ішінде 13 рет мадақталған. "Үздік құтқарушы жауынгер", "Қазақстан полициясына 25 жыл" төсбелгілерін иеленген.

Отбасылы, артында кәмілеттік жасқа толмаған екі баласы қалды. 

5 адамның өмірін қиған трагедия Алматының Алатау ауданында орналасқан Ақбұлақ ықшам ауданында 20 қыркүйек күні кешке болған. 1967 жылы туған ер адам екі полицейге, сот орындаушыға, даулы үйдің жаңа иесі мен оның өкіліне оқ атқан. Бесеуі де оқиға орнында қаза болды. Алматы полициясы департаментінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында әлі де жұмыс істеуде. 

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

.

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Ердоған, Тоқаев

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

ауа сапасы

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

.