USD
USD
USD

Алматы полициясы адам ұрлаушыларды қолға түсірді

40 жастағы алматылық қылмыскерлердің құрбаны болды. Оны Алматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй аумағынан ұрлап кеткен

Алматы полициясы адам ұрлаушыларды қолға түсірді
Фото: NEGE.kz

,  деп хабарлады Polisia.kz.


Алматы, NEGE. «Ұрланған азаматтың әйелі полицияға арызбен жүгінген. Дереу арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, алғашқы іс-шаралар кешені жүргізілді, бұл ұрлаушылардың жеке басын және олардың жәбірленушіні қай жерде ұстап отырғанын жылдам анықтауға мүмкіндік берген. Ер адамды босату бойынша арнайы іс-шара қаланың Түрксіб ауданындағы қоймалар аумағында жүргізілді. Төрт адам ұсталды. Олар бұрын бопсалау және бұзақылық үшін сотталған. Ұрланған азамат аман-есен босатылды. Оны қатты соққыға жыққан және оған медициналық көмек қажет болды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен, әйтпесе героины бар иньекция енгіземіз деп қорқытқан, – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

 Қылмыстың нақты себебі ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігімен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында істің мән-жайы белгілі болады. Күдіктілер қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев