USD
USD
USD

Алматы полицейлері соғыс ардагеріне әскери әндерді орындап берді

9 мамыр таңы 97 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Қамбар Қасенов үшін қызықты өтті: оның пәтерінің терезесінің астында Алматы қаласы полициясының ансамблі ән шырқады.

Алматы полицейлері соғыс ардагеріне әскери әндерді орындап берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қамбар Әмірұлы – шындық пен әділеттілік үшін айқасқан күрескер, Екінші дүниежүзілік соғыста көптеген қиян-кескі ұрыстарға қатысқан. Ауыр жарақат алғанына қарамастан, Қамбар аға соғыстан кейінгі жылдары да азаматтар тыныштығының сақшысы болуға шешім қабылдаған. Бүгін, осындай маңызды мереке күні, біз ардагерге нағыз мейрам ұйымдастырдық.

ПД Ансамблінің әртістері әскери әндерді орындады. Концерт ойдағыдай өтті: ақсақал жастарға бата берді, көп қабатты үй тұрғындары жанды дауыста айтылған композицияларды қуана тыңдады», - деп қорытты Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Әбдуәлі Нашарбеков. Ертерек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры