USD
USD
USD

Алматы полицейлері сыпайы ма?

Бүгін

Алматы полицейлері сыпайы ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы қаласының Полиция департаментінде жеке құрам бойынша инспекция қызметкерлері бөліністердің басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді. Бұл туралы Polisia.kz. хабарлады.

Жиында полиция қызметкерлері арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша қабылданған шаралар туралы мәселелер талқыланды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес шеңберінде Полиция департаменті қызметтік тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

– Полиция қызметкерлері жасаған төтенше және жол-көлік оқиғаларының барлық фактілері мұқият тексеріліп, кейіннен жедел кеңестерде және Тәртіптік комиссияның отырысында қаралып, онда кінәлілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады, – деді жеке құрам бойынша инспекцияның бастығы Ерлан Дүйсеков.

Сонымен қатар қызметтік тәртіп пен заңдылықтың сақталуына, полицейлердің азаматтарға сыпайы қарым-қатынас жасауына қойылатын талаптар күшейтілген. Бұл азаматтардың полицияға сенім деңгейін арттыруға көмектеседі.

– Ашықтық пен айқындылық қағидаттарын іске асыру шеңберінде біз жаңа ақпараттық- коммуникациялық жүйелерді белсенді қолданамыз. Бүгінгі күні қызметкерлер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен басқа да заңсыз құбылыстардың жолын кесу үшін жедел-алдын алу іс-шаралары күшейтілді, – деді Е.Дүйсеков.

Жалпы, полицейлердің сыпайылығы туралы мәселе бекерден-бекер көтеріліп отырған жоқ. Халықтың полицияға деген сеніміне селкеу түсіретін нәрсенің бірі жемқорлық болса, екіншісі осы сыпайылықтың кемшіндігі болса керек. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар