Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді

Ашық есік күні Алматы онкологиялық орталығында 13 ақпан күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өтеді.

Алматы онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы онкологиялық орталығында қатерлі ісікті ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтеді. Бұл күні бастапқы тексеруден өтіп, орталықтың жетекші мамандары: маммолог, гинеколог, хирург, онкодерматолог және урологтан консультация алуға болады.

Сондай-ақ көрсеткіштері бойынша сүт безіне, іш қуысы органдарына және кіші жамбасқа ультрадыбыстық зерттеулер жүргізілетін болады.

«Тәжірибе көрсеткендей, онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтаған кезде 95%-ға жуық емдеудің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге болады. Қатерлі ісікті ерте диагностикалау тезірек сауығып кетудің кепілі», – деп атап өтті Алматы онкологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Әлия Төрешева.

Ашық есік күні Алматы қаласы, Папанин көшесі 220, А литері, 1 қабат мекенжайында өтеді.

Қосымша ақпаратты 8 (727) 312 2474 телефоны арқылы білуге болады.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық