USD
USD
USD

Алматы: Оқушы 11 қабаттан секіріп кетті

Әлеуметтік желіде Алматыда мектеп оқушысы 11 қабаттан секіріп кетті деген ақпарат тарап жатыр.

Алматы: Оқушы 11 қабаттан секіріп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп әкімшілігі ақпаратты растады.

«2021 жылғы 28 қазанда оқушы оқудан тыс кезінде жазатайым жағдайға ұшырады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған баланың және басталған тергеудің мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты бере алмайды», – деп хабарлады білім мекемесі.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлім етті.

«Оқиғаның себептері мен мән-жайы өндіріс барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады полициядан.

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай