Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облыстық соты карантинге жабылды

 Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды.

Алматы облыстық соты карантинге жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ендігі сот отырыстары қашықтан өтеді. «Талдықорған қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері 20 қаңтарда арнайы қаулы қабылдады. Облыстық сот және оның аумағында 20 қаңтардан 2 ақпанға дейін карантин енгізілді» делінген Алматы облыстық соты таратқан хабарламада. Ведомствоның мәліметінше, соттың жұмысы қашықтан жұмыс режиміне ауыса отырып, толығымен тоқтатылады.

«Сот ғимаратына СЭҚ қызметкерлерінен басқаларының кіруіне қатаң тыйым салынады. Осы мерзімде қарауға тағайындалған істер кейінірек мерзімге ауыстырылады. Тағайындалған күні мен уақыты туралы ақпарат қатысушыларға қосымша жолданады. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 107-бабына сәйкес келіп түскен материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтан қарайды» деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі. 

Қазір оқып жатыр

«Әкемнің көзқарасын ешқашан қолдаған емеспін»: Бейбіт Әлібеков мәлімдеме жасады

.

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы