USD
USD
USD

Алматы облыстық мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды

Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әлия Жақыпбекова бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ басшысына және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Лауазымды тұлға қолма-қол ақшаға айналған және өз қалауы бойынша пайдаланылған бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктенеді.

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Іле ауданының тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік органның басшысы қамауға алынды», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG