USD
USD
USD

Алматы облысының тұрғыны көлікте босанып қалды

Қалада жеке шаруасын тындыруға келген Алматы облысының тұрғыны күтпеген жерден көлікте босанып қалды. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ана мен баланың жағдайын бақылауға алды, деп хабарлады newtimes.kz порталы.

Алматы облысының тұрғыны көлікте босанып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше әйелдің толғағы көлікте отырған кезінде келген. 

"Жедел жәрдем диспетчеріне көлікте әйелдің көлікте толғатып жатқаны туралы қоңырау түсті. Жедел жәрдем келгенге дейін ол көлікте босанып қалған. Мамандар бригадасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамасына сәйкес барлық қажетті медициналық көмек көрсетті", - деді ведомство.

Жаңа туған нәрестесі бар әйел №1 қалалық перзентханаға жеткізіліп, барлық қажетті медициналық көмек жасалған. Қазіргі уақытта ананың жағдайы қанағаттанарлық.

Салмағы үш келіден сәл асатын бала балалар бөлімінде инвазивті емес желдетуде жатыр. Дәрігерлер атап өткендей, нәрестенің жағдайында қауіп жоқ.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.