USD
USD
USD

Алматы облысының тұрғыны екі қызын жылдар бойы зорлап келген

Алматы облысында туған әкесі өз қыздарын зорлады деген күдікке ілінді. Полиция істі тергеуге алды. Бұл туралы Журналист Сандуғаш Дүйсенова әлеуметтік желәдегі парақшасында жазды. 

Алматы облысының тұрғыны екі қызын жылдар бойы зорлап келген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның сөзінше, оқиға Алматы облысының Есік қаласында болған. Әкесі бірнеше жыл бойы кәмелетке толмаған екі қызын кезекпен кезек зорлап келген.

“Әкесі алдымен үлкен қызын зорлаған, сосын кішісін! Жауыз түрде. Жылдар бойы олармен жыныстық қатынасқа түскен!”, – деп жазды журналист.  Қыздардың анасы білген, бірақ үнсіз қалған.  

"Қыздар есейгенше шыдады. Ақша жинап, құрбыма қашып келді. Зорлағаны туралы дәлел бар, қыздар жылдар бойы аудиожазбалар жинаған! Онда ол оңбағанның қыздарды қалай зорлағаны естіледі. Әкесінің аудандағы өте беделді тұлға екенін ескерсек, қыздар үшін қорқамын, ақшамен шешіп кетуі мүмкін”, – деп жазды Сандуғаш Дүйсенова.  

Алматы облысының полиция департаменті осы жағдайға байланысты түсініктеме берді. Олардың хабарлауынша, бұл факт аудандық полицияда тіркелген.  

"Қазіргі уақытта 57 жастағы күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Істі дұрыс шешу үшін жағдайды зерттеудің жан-жақтылығына, толықтығына және объективтілігіне бағытталған барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Полиция департаменті бұл факті бойынша бұрын полицияға ешкім хабарласпағанын атап өтті. Тергеу барысы облыстық департамент басшысының ерекше бақылауына алынған.

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент