USD
USD
USD

Алматы облысының тұрғындары мектеп оқушысының өлімінен кейін тас жолды жауып тастады

19 қыркүйек күні кешкі уақытта Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылында 10 жасар мектеп оқушысын көлік қағып кетті.

Алматы облысының тұрғындары мектеп оқушысының өлімінен кейін тас жолды жауып тастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сол себепті Алматы облысы Талғар ауданында тұрғындар тас жолды жауып тастады.

"Тoyota Camry автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жаңалық ауылында Жетіген-Алматы автожолының бойында жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жастағы баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында мерт болды", – делінген Алматы облыстық ПД хабарламасында. 

Аталған факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Талғар ауданы Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кету керек, тұрғындар осыған дейін де шенділерден жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бірнеше мәрте талап еткен. 

Қазір оқып жатыр

«Қазақстанға Алланың азабы керек»: желіде халқына қарғыс тілеген мұғалім кешірім сұрады

желіде пікір білдірген мұғалім кешірім сұрады

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам

Пайда жұқарды, бірақ қарыз қалың. Alatau City Bank үшін НЕГЕ уайымдай бастадық?

.

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу