USD
USD
USD

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тауда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті бүгін, 2023 жылғы 4 желтоқсанда қала тұрғындарына, туристтер мен демалушыларға арнап үндеу жариялады.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тауда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Облыстық төтенше жағдайлар департаменті тауларда қар көшкіні қаупі бар екенін ескертті.

"Алматы облысының тауларында 2023 жылғы 5 желтоқсан мен 8 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды", – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар.

"Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады", – дейді төтеншеліктер.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда балалар санитариялық жағдайы сын көтермейтін лагерьде демалуға мәжбүр болған

Светафор

Алматы маңындағы аудандардың бірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

сел қаупі

Қазақ дәрігері Қытайдың ең жоғары партиялық орденімен марапатталды

Оқас Сүлеймен

Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшері өзгереді

ипотека