USD
USD
USD

Алматы облысының тауларында адасқан екі қыз табылды

 Алматы облысының тауларында екі қыз адасып кетті. Оларды республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздеп тауып, құтқарды.

Алматы облысының тауларында адасқан екі қыз табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Республикалық жедел-құтқару жасағына тауда екі қыздың жоғалғаны туралы ақпарат 19 маусымда түскен. Екі құрбы Букреев шыңына көтеріліп, қайтарда Бутаковка шатқалымен қайтуды жоспарлайды. Алайда әңгімелесіп келе жатып, бағытынан жаңылып, адасып қалған. Қыздар көп ойланбастан құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Ақпарат түсе салысымен арнайы жасақ іиісшіл итпен бірге Пионер шыңы арқылы қыздарды іздеуге шыққан.

Туристер геолокациялық мәліметтерін жіберген. Құтқарушылар көп ұзамай оларды теңіз деңгейінен 1900 метр биіктіктен тауып, көмек көрсетті. Республикалық жедел-құтқару отряды баспасөз қызметінің мәліметінше, тауда жауған жаңбырдан саяхатшылар су болып, мұздаған. Арнайы жасақ қызметкерлері бойжеткендерге ыстық шай, құрғақ киім беріп, қалаға аман жеткізген.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға