Алматы облысының санитария дәрігері ұятқа қалды
Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы ОКҚ брифингі барысында өңірдің бас санитария дәрігері Ерғали Сыдыманов сұрақтарға жауап берді. Брифинг кезінде "Алтын Орда" базарының жұмысы туралы сұрақ қойылғанда оған жауап беруге әлдекімдердің көмектескені эфирге түсіп қалды.
Алматы, NEGE. Ерғали Сыдымановтан журналист "Алматы облысында кәсіпкерлерге қатысты қандай карантин шектеулері енгізілгеніне қарамастан, неге ол "Алтын Орда" базары мен "Апорт" сауда үйінің жұмысына әсер етпейтінін" сұрады.
"Базар республикалық деп айтыңыз, бірақ онда қажетті шектеулер бар", - деді әлдебіреу өңірдің бас снитария дәрігеріне сыбырлап.
Ерғали Сыдыманов айтылғанды қайталады. Брифингке Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров те қатысқан. Шамасы, олардың біреуі "көмектескен" болуы мүмкін.
Қазір оқып жатыр
Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды
Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен
Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты
«Аяқкиім мен сөмке сатып алып берген»: Ақтөбе облысында шекара бөлімшесінің бастығы сотталды