USD
USD
USD

Алматы облысының Райымбек ауданында табылған қар барысы еркіндікке жіберілді (видео)

Алматы облысының Райымбек ауданында табылған қар барысы еркіндікке жіберілді, деп хабарлады Алматы хайуанаттар бағы. 

Алматы облысының Райымбек ауданында табылған қар барысы еркіндікке жіберілді (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биылғы жылдың 20 сәуірінде Алматы облысы, Сарбастау ауылының маңынан табылған әлсіреген қар барысы ветеринарлық көмек көрсету үшін Алматы хайуанаттар бағына әкелінгені естеріңізде болар.

Зообақта арнайы карантинде болып, мамандардың толық тексеруінен, емдеуден және оңалтудан өткеннен кейін қар барысы табиғатқа қайтарылды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті облыстық аумақтық инспекциясының, ҚР Зоология институтының және Алматы хайуанаттар бағының мамандары жағдайы жақсарып, денсаулығы түзелген қар барысын 15 шілдеде Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына жіберді. Барысты табиғатқа шығарар алдында ветеринарлар оны қайтадан тексеруден өткізіп, салмағы мен бойын өлшеді.

Алматы хайуанаттар бағында болған кезде барыс оңалтудан өтіп, 8 килограмнан астам салмақ жинап, денсаулығы толық жақсарып, табиғатқа шығуға дайын болды. Жануар күйзеліске ұшырамауы үшін тексеру және тасымалдау шаралары оны уақытша ұйықтату (наркоз қолдану) арқылы жүзеге асырылды. Зообақтан табиғатқа жіберілгенге дейін барыс ветеринарлардың бақылауында болды.

Қар барысы сирек кездесетін түр болғандықтан, ұлттық саябақтарда мекендейтін барыстар мен басқа да жануарларды зоологтар мұқият бақылайды. Осы мақсатта ғалымдар жануардың қозғалысын бақылап, оның тіршілігін қадағалап отыруы үшін қар барысының мойнына арнайы спутниктік таратқышы бар қарғыбау тағылды.

Қазір оқып жатыр

Семейдегі матчтан кейін басы дауға қалған төреші бес тәулікке қамалды

Арман Исмұратов

Қазақстандықтардың жеке деректері шетелде жабық сайт арқылы сатылған

жеке деректерді тарату

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат