USD
USD
USD

Алматы облысының құтқарушылары дәретхана шұңқырынан екі баланы алып шықты

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дәретхана шұңқырына түсіп кеткен үш жасар бала мен оны құтқармақ болған он жасар қызды шығарып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының құтқарушылары дәретхана шұңқырынан екі баланы алып шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқыс жағдай 2023 жылғы 28 шілде күні болған. Кешкі сағат 18.45-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Амангелді ауылындағы әл- Фараби көшесінде дәретханаға бала құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу өрт сөндіру бөлімінен сегіз шақырым жердегі оқиға орнына аттанған.

"Оқиға орнына келгеннен кейін 2020 жылы туған бала қазылған шұңқырға (дәретханаға) құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын қазылған шұңқырға түсіргені, бірақ өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмағаны анықталды", – дейді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Балаларды шығаруға Алматы облысы ТЖД үш қызметкері мен техникасы жәрдемдескен. Сағат 18.54-те балалар қазылған шұңқырдан сыртқа шығарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты