USD
USD
USD

Алматы облысының колониясына есірткі лақтыруға тырысқан ер адам ұсталды

Алматы облысының №57 мекемесіне есірткі лақтыруға тырысқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының колониясына есірткі лақтыруға тырысқан ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №57 қауіпсіздігі жоғары мекемесінде есірткі затын аумаққа лақтыру фактісінің алдын алды. Мекеменің іргелес аумағында, скотчпен оратылған 3 түйіншекті тыйым салынған аумаққа лақтырмақ кезінде ҚАЖ қызметкерлерімен ер азамат ұсталды.

Түйіншек ішінен 700 қара-жасыл түсті дәрі тектес және жасыл түсті шөп тектес есірткі заттар анықталып, тәркіленді.

– Аталған факті бойынша Қонаев қаласының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұсталған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу іс амалдары басталды, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігінде есірткі заттарын заңсыз жібергені немесе өткізгені үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көзделген.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов