USD
USD
USD

Алматы облысының білім басқармасының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды

Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова мен оның қарамағындағыларға қатысты сот үкімі шықты. Оларға аса ірі көлемде пара алды және алаяқтық жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының білім басқармасының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сот 2020 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында Алматы облысының білім басқармасының басшысы бір топ адамдармен мемлекеттік сатып алу саласында қылмыстық әрекет жасағанын анықтады.

«Майгүл Омарова Бақыт Абдолданованың Арапби Меңлібаева мен Н. бақылайтын еншілес фирмаларымен Алматы облысының білім беру ұйымдарында студенттерді қашықтықтан оқытуға арналған ноутбуктерді жеткізу үшін бір жерден алу тәсілімен дайындаған мемлекеттік сатып алу туралы келісімдерге қол қойды», - делінген сот хабарламасында.

Одан әрі Н. мен Арапби Меңлібаева аталған ноутбуктерге жалған Microsoft Windows бағдарламалық құралын интернет-ресурс арқылы тегін жүктеп алып орнатқан. Соның салдарынан аса ірі көлемде 122 996 086 теңге залал келтірілген.

Сот үкімімен Омарова мен Абдолданов бап бойынша кінәлі деп танылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 366 бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Олар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырумен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Меңлібаева мен Н. ҚР ҚК 367 бабының 4 бөлігі, 190 бабының 4 және 2 бөлігі бойынша мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

2021 жылдың 2 ақпанында Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова мен Білім берудегі ақпараттық технологиялардың өңірлік ғылыми-практикалық орталығының директоры Арапби Меңлыбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Істе Алматы облысы Білім басқармасының күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Бақыт Абдолданованың да аты шықты.

Майгүл Омарова басқарманы 2020 жылдың 11 ақпанынан бастап басқарды.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Атырау МӨЗ

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

Полиция қызметкері

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.