Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысының Байсерке ауылындағы жол белгілеріне өзгерістер енгізілді

Алматы облысының Іде ауданы Полиция басқармасының бастығы әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы халықтың ұсыныстарын тыңдады, деп хабардайды Polisia.kz.

Алматы облысының Байсерке ауылындағы жол белгілеріне өзгерістер енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. бастығы полиция полковнигі Марат Күштібаев Instagram әлеуметтік желісіндегі Ile_police парақшасында аудан тұрғындарымен  тікелей эфир ұйымдастырған болатын. Тікелей эфир кезінде аудандық Полиция басқармасының бастығы WhatsApp мессенджері, тікелей эфирдегі жедел желі телефоны арқылы келіп түскен барлық сұрақтарға, сондай-ақ онлайн қосылу кезінде  жолданған сауалдар мен өтініштерге жауап берді.

Қорытындылай келе, ауданның бірнеше елді мекендерінде қосымша рейдтік іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында “ЖБИ”, Өтеген батыр және Байсерке кенттері арасындағы теміржол өткелінде мақсатты пысықтау жұмыстары жүргізілді. Ащыбұлақ және Боралдай кенттеріндегі күнделікті жол-көлік кептелістерін жою мақсатында полицияның қосымша жасақтары қойылды.

Азаматтардың өтініші бойынша жолдың аталған учаскесі зерделеніп, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін бұзуға итермелейтін Байсерке ауылындағы жол белгілерінің тұтас желісі жойылды. Себебі, жүргізушілерге аталған көшеге жету үшін айтарлықтай қашықтықты еңсеріп, бұрылып, кері қайтуға тура келетін.

Сондай-ақ, тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін жиі бұзуға ықпал ететін жағдайлар, отбасылық-тұрмыстық сипаттағы жанжалдарды тудыратын себептер, ішкі істер органдарына қызметке кіру тәртібі, жекелеген полиция қызметкерлері әрекеттерінің заңдылығы және басқа да өмірлік мәселелер қызықтырды.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі