USD
USD
USD

Алматы облысының аумағында 37 ғимарат заңсыз салынған

  Кейінгі екі жылда Алматы облысының аумағында 37 ғимарат заңсыз салынғаны анықталған. 

Алматы облысының аумағында 37 ғимарат заңсыз салынған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың дені үйлер мен техника жөндеу орталықтары,тамақтану орындары және дүкендер. Құжатқа немқұрайлы қараған мекеме иелерін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары сотқа берген. Құзырлы орган өкілдерінің шешіміне сәйкес рұқсатсыз тұрғызылған нысандардың бірқатары бұзылды. Алдағы уақытта тағы бірнешеуі сүрілетін болады. Солардың қатарында Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы өндіріс орны да бар. Бетон зауыты әуежайдың санитарлық қорғау аймағында тұрғызылған екен.

Айта кетейік, 2019 жылы ол жерге ұшақ құлап, 12 адам қаза тапқан болатын. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы  Данияр Әбдібеков: «Жиһан бетон» заңсыз құрылысы анықталды. Бүгінгі күні сот шешімі шықты. Қазіргі уақытта сот орындаушылар оны бұзуға дайындық жасап жатыр. Биылғы жылы заңсыз салынған 4 ғимарат анықталды. Екі ғимарат Талдықорған қаласында екі ғимарат Талғар ауданында. Олар да сот шешімі шыққаннан кейін бұзылады», - деді. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер