USD
USD
USD

Алматы облысының бір ауданында үш ауысымды бес мектеп бар

  Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында бүгінгі күні үш ауысымдағы 5 мектеп бар.

Алматы облысының бір ауданында үш ауысымды бес мектеп бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Халық санының жылдам өсуін есепке алғанда алдағы жылдары үш ауысымда оқытатын тағы 7 мектеп пайда болуы мүмкін. Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген Айжан Талқабаева Бірлік ауылына жаңа мектеп салуды сұрады. Әзірге мұндағы балалар көрші ауылдағы мектепке барып оқып жүр. Оларды автобуспен тасымалдау жолға қойылғанымен, мектеп үш ауысымда оқытатындықтан оқушылар үйлеріне жеткенше тым кеш болады. Есік қаласының тұрғыны Раушан Төпеловті де балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы алаңдатады. Уәлиханов көшесінде жаяу жүргінші жолы жоқ, 3 шағын ауданның балалары мектепке суару каналын қоршап тұрған плиталармен жүріп барады.

Облыс әкімі бұл мәселені әлеуметтік желіден оқығанын айтты. Бұл көшеге тротуар салуға қажетті 129 миллион теңгенің бастапқы 50 млн теңгесі бөлініп, құрылыс жұмыстары сәуір айында басталатыны айтылды. Мердігер мекеме анықталған. Айта кетейік, ауданда 125 саяжай массиві бар, оларда 28 мыңдай адам тұрақты тұрады. Естеріңізге сала кетейік, жалпы Алматы облысында 54 үш ауысымды мектеп бар. 

Қазір оқып жатыр

Air Astana-ны 21 жыл басқарған Питер Фостер ресми түрде қызметінен кетті

Питер Фостер

Депутат ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру жолдарын ұсынды

Темір Қырықбаев

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Күдікті, Нұрай

Бапи: Дүмше уағызшылар қоғамға қауіп төндіріп отыр

Бапи