USD
USD
USD

Алматы облысындағы Сол Талғар өзенінде су деңгейі көтерілді

2023 жылғы 21 шілдеде Талғар өзені бойындағы "Большая поляна" су бекетінің деректері бойынша таулы жерлерде жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Сол Талғар өзеніндегі су деңгейі  секундына 18 текше метрге көтерілді.

Алматы облысындағы Сол Талғар өзенінде су деңгейі көтерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта Талғар өзеніндегі су деңгейі секундына 23,5 текше метрді құрайды (судың сыни деңгейі секундына 40 текше метр). Талғар бөгеті гидротехникалық құрылысының су өткізу қабілеті секундына 70,5 текше метр.

Қазіргі уақытта су транзиттік режимде өтіп жатыр. Қосымша бақылау бекеттері қойылды. Гидротехникалық құрылыстың жоғарғы жағында демалып жатқан адамдар эвакуацияланды.

Жағдай жергілікті атқарушы органдардың, облыстың ТЖД, Қазселденқорғаудың тұрақты бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Нью-Йорк көшелерінде Қазақстанның көк туы желбіреді

Шеруге қатысушылар

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.