USD
USD
USD

Алматы облысындағы мұражайда Бопай ханымның қылышы сақтаулы тұр

Алматы облысының Қарасай ауданында "Батыр бабалар" тарихи мемориалды музейі бар. Мұнда қазақ батырлары мен қолбасшылары туралы тарихи деректер мен жәдігерлер сақталған. Солардың қатарында Кенесары ханның қарындасы Бопай ханымның қылышын да көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысындағы мұражайда Бопай ханымның қылышы сақтаулы тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұрпақтан ұрпаққа сақталып келе жатқан қылышты музейге Айдар Тастеміров табыстаған. Темірден соғылған қылыштың жалпы ұзындығы – 98 см.

"Құнды жәдігерлердің бірі – 1845 жылы жасалынған Кенесары ханның қарындасы әйгілі Бопай ханым қылышы. Бұл қылыш 1845 жылы Санкт- Петербург қаласында әкелі балалы Николай Вильгельм Шафпен пен Людвиг Вильгельм Шафтың шеберханасында жасалған. Бопай ханым Кенесарының барлық шайқастарына қатысады. Ол 600 сарбаздан тұратын ерекше топты басқарды. Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде патша әскерінің жасақтарына жорықтар жасайды"."Батыр бабалар" мемориалды музейінің меңгерушісі Орынбасар Әлім

Жалпы, мәдени әрі рухани нысанда 150-ден астам тарихи құнды жәдігерлер сақталған. Ағайынды қолөнершілер Тұрсынжан, Махмұд, Айтберген Жетекұлдарының ағаштан, теріден, темірден жасаған бұйымдары мен қару-жарақтар мұндағы жәдігерлерді толықтырып тұр. Жыл сайын музей қызметкерлері тарихи экпедицияға барып, музей қорын жаңа экспонаттармен байытуды мақсат етеді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе