USD
USD
USD

Алматы облысындағы мұражайда Бопай ханымның қылышы сақталған

Алматы облысының Қарасай ауданында «Батыр бабалар» тарихи мемориалды музейі бар.

Алматы облысындағы мұражайда Бопай ханымның қылышы сақталған
Фото: NEGE.kz

Ерекше мұражайда қазақ батырлары мен қолбасшылары туралы тарихи деректер мен жәдігерлер сақталған. Солардың қатарында Кенесары ханның қарындасы Бопай ханымның қылышын да көруге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Музей бір залдан, 3 экспонаттар бөлімінен тұрады. Қару-жарақ бөлімінде қазақ батырларының майдан даласында ұстаған соғыс қарулары бар. Қөлөнер шебері Дәулет Шоқпаров жасаған батыр сауытын, жүзі өткір айбалта мен сақетер қойылған.   

Орынбасар Әлім, «Батыр бабалар» мемориалды музейінің меңгерушісі:

- «Құнды жәдігерлердің бірі – 1845 жылы жасалынған Кенесары ханның қарындасы әйгілі Бопай ханым қылышы. Бұл қылыш 1845 жылы Санкт- Петербург қаласында әкелі балалы Николай Вильгельм Шафпен пен Людвиг Вильгельм Шафтың шеберханасында жасалған.

Бопай ханым Кенесарының барлық шайқастарына қатысады. Ол 600 сарбаздан тұратын ерекше топты басқарды. Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде патша әскерінің жасақтарына жорықтар жасайды. Ұрпақтан ұрпаққа сақталып келе жатқан қылышты музейге Айдар Тастеміров табыстаған. Темірден соғылған қылыштың жалпы ұзындығы – 98 см.

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі