USD
USD
USD

Алматы облысындағы атыс: Жарақат алғандардың бірі көз жұмды

Алматы облысы Есік қаласында оқ жарақаты салдарынан ауруханаға жеткізілген ер азаматтың бірі көз жұмды.

Алматы облысындағы атыс: Жарақат алғандардың бірі көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екіншісі ауыл халде жатыр. Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, көз жұмған науқас ауруханаға өлім жағдайында түскен және комадан сол күйі оянбапты.

«23 шілдеге қараған түні Есік қаласында орналасқан Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 1992 және 2004 жылы туған екі ер адам жеткізілді. Екі науқастың жағдайы өте ауыр, оларға оқ жарақатын алған деген диагноз қойылды. Дәрігерлер шұғыл ота жасады, бірақ барлық медициналық көмекке қарамастан ауруханаға түскендердің бірі көз жұмды», – деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ләйлім Әубәкірова.

Ведомство өкілдері екінші зардап шеккен екінші азаматқа қарқынды емдеу терапия жүргізіліп жатқанын айтты. Жағдайы ауыр болғандықтан, ол жансақтау бөлімінде жатыр.

 Қазіргі таңда Полиция «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктілердің кім екенін анықтауда. 

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу