Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысында жұдырықпен үстелді ұрған бас дәрігердің әрекеті тексеріліп жатыр

 Алматы облысында тұрғындармен кездесу барысында үстелді жұдырықпен ұрған аурухананың бас дәрігеріне қатысты тексеріс басталды.

Алматы облысында жұдырықпен үстелді ұрған бас дәрігердің әрекеті тексеріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінгі күні ҚР Еңбек кодексінің 64-бабы 1-бөлігінің 4-тармағына сәйкес, Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан комиссия құрылды. Арнайы топ Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Н. Г. Күлсейітовтің этикалық әрекетіне қатысты мәселені қарайды. Қабылданған шара хабарланатын болады», - делінген Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ресми мәлімдемесінде. Айта кетейік, Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері кездесу барысында тұрғындардың бірінің қойған сұрағына ашуланып, үстелді жұдырықпен ұрған. Артынша залдан шығып кеткен. Ал тұрғынның ашу тудыртқан сұрағы ауруханада дәрілердің жетіспеуі жөнінде болған.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz